Білім министрлігі кітап тапшылығына кімнің кінәлі екенін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі  кітап тапшылығына кімнің кінәлі екенін тапты

Білім министрлігі кітап тапшылығына кімнің кінәлі екенін тапты

Еліміздегі  оқулықтар тапшылығына Білім министрлігі жауапты болмай шықты.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

Министрліктің құзыретіне оқулықтар мен  әдістемелік құралдардың бағдарламасын әзірлеу ғана кіреді екен. Сондықтан  ведомство бар кінәні  жергілікті әкімдіктерге жауып отыр. Тіпті кітап жетіспеушілігіне жол берген өңірдегі  шенеуніктерді жазалауды сұрады. 

Жаңыл Жонтаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры :

— Әсіресе, аудандық, қалалық жаңа аты аталған, уақытылы осыны жеткізуді ұйымдастырмаған, «Білім туралы» заңды орындалуына кедергі келтірген қалалық, аудандық білім бөлімінің басшыларына  шара қолдаунды облыстың басшыларына ұсыныс хат жолданды.

Осылайша, бар мәселені аймақтарға ысыра салған министрлікөздеріне шаң жуытар емес. Олар оқулық тапшылығы жергілікті білім бөліміндегілердің  дұрыс ақпарат бермегендігінен, тіпті қай мектепке қанша кітап керек екендігін дұрыс болжамағанынан деп отыр. Жаңа оқу жылына дайындықты құрдымға жібергендер енді жаппай қызметінен қуылуы мүмкін. Шенеуніктердің осы жауапсыздығының кесірі облыстардағы балаларға тиюде. Ал ұл-қыздарына кітап таппаған ата-аналар  ертеден қара кешке дейін әлі дүкендерді жағалап жүр. Олардың көбі таласып-тармасып ұзын-сонар кезекке тұрғанымен керекті оқулықтарын таба алар емес.