Бір жыл бойы ұлын бесікке байлап баққан әйелге іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір жыл бойы  ұлын бесікке байлап баққан әйелге іздеу жарияланды

Бір жыл бойы ұлын бесікке байлап баққан әйелге іздеу жарияланды

Маңғыстауда ата-анасының  қатыгездігінен жапа шеккен сәби ауруханаға төсегіне таңылды.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 475
Фото - Caravan.kz

Әке-шешесі баланы туа салысымен бесіктен бас көтертпеген. Жуындырмай, тіпті оған уақытылы тамақ та бермей ашқұрсақ ұстапты. Үнемі қозғалмай жатқандықтан денесін де ірің басып кеткен.

Жақында ғана жасы бірге толатын Бекнұр қолынан үнемі сүт құйылған құтысын тастамайды. Дәрігерлер, бала әбден ашығып қалған дейді. Салмағы 14 келіден сәл ғана асатын бүлдіршін ауруханаға кездейсоқ түсіпті. Күннің аптап ыстығының астында бесікке танылған әлжуаз баланы фельдшер байқап қалып, әлеуметтік қызметкерлерді шақыртқан. Шешесі бірнеше ай бұрын бір жерге кетіп, содан қайтып оралмапты. Содан бері сәбиге әжесі мен өгей шешесі қарап келген. Бірақ олар баланың сұрағанын беріп, оның асты-үстіне түсетіндерін айтып, ақталуда. Ал әкесі Бекнұрды алып кеткен себебі, екеуіміздің тегіміз екі түрлі, бірақ құжаттарын қалпына келтіргеннен кейін оны қайтып аламын деп ағынан жарылып отыр. Енді сәби әбден сауыққанша ауруханада жатады. Ал  анасын қазір тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр.   

Назгүл Қысықбасова, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының педиатр-гематологы:

-Баланың жағдайы өте нашар жағдайда болды.Көңіл бөлінбеген. Акт толтырылды. Және бөксе жағында пышақпен тілінген жарасы бар .