Жаңақалада күй анасы Динаға ескерткіш орнатылды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңақалада күй анасы Динаға ескерткіш орнатылды - БҚО

Жаңақалада күй анасы Динаға ескерткіш орнатылды - БҚО

5 қыркүйек күні Жаңақала ауданы Көпжасар ауылындағы Д.Нұрпейісова атындағы орта мектеп алдында күй анасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсімі болды.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

Оған қатысқан белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева соңғы кезде Жаңақала ауданында күйші-композиторларға үлкен құрмет көрсетіліп отырғанын, бүгінгі шара соның жарқын мысалы екендігін атап өтті. Дина Нұрпейісованың жиені, тоқсан жастан асқан Ұлмекен Өтегенова күйші ұрпақтары атынан ризашылығын қара өлеңмен жеткізді.

Көпжасар ауылдық округінің әкімі Сағат Боранбаевтың айтуынша, ескерткіш авторы — оралдық мүсінші Рафаэль Шамсутдинов. Мүсіннің биіктігі тұғырымен қоса есептегенде -1,8 метр. Оның шығынын жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер көтерді.


Аудан әкімі Лавр Хайретдиновтің сөзіне қарағанда, тағы бір халық күйшісі Сейтек Оразәліұлының мүсіні көршілес Бөкей ордасы ауданы Хан ордасында орнатылмақ.