Таңғы астан тартынбаңыз... - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таңғы астан тартынбаңыз...

Таңғы астан тартынбаңыз...

Британ ғалымдары таңғы ас ішпейтін балаларда 2-ші дәрежелі диабет ауруына шалдығу қаупі жоғары

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 593
Фото - Caravan.kz

болатынын анықтады. Ғалымдардың зерттеуіне 9-10 жас аралығындағы 4 мыңнан астам бала қатысқан. Мамандар тәжірибе қатысқан балалардың таңғы ас ішу жиілігін бақылауға алған.

Нәтижесінде, таңғы асты дұрыс ішпеген балаларда қант диабетіне шалдығу қаупі басым екендігі анықталды. Таңғы ас ішпеген оқушылардың қан құрамындағы қант көрсеткіштері  басқаларға қарағанда жоғары болып шықты. Диабет түрлі ауруларды қоздыруы мүмкін, сонымен бірге ол инсульт пен жүрек ауруына да алып келеді.

Сондай-ақ мамандар таңғы ас ішпейтіндер күні бойы майлы тағамға әуес болады деген де болжам айтуда, деп жазады шетелдік БАҚ.