Марқұм болған коллекционердің қобдишасынан Клод Моненің аса құнды туындысы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марқұм болған коллекционердің қобдишасынан Клод Моненің аса құнды туындысы табылды

Марқұм болған коллекционердің қобдишасынан Клод Моненің аса құнды туындысы табылды

Неміс коллекционері Корнелиус Гурлиттің қайтыс болғанына бірнеше ай өткен соң, оның чемоданынан Клод Моненің туындылары табылды.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 572
Фото - Caravan.kz


Associated Press хабарлағандай, 81 жасында дүниеден өткен Гурлиттің бай коллекциясының ішінен табылған Моне картинасы соңғы жәдігер болды. Өнер туындылары салынған чемоданды белгісіз себептермен Гурлитт ауруханаға тастап кеткен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Гурлиттің пәтерінен Пабло Пикассо, Пьер  Огюст  Ренуар, Анри Матисса, Альбрехта Дюрера, Эмиля   Нольденің жұмыстарын қосқанда, 1 мың 280 картина табылып, тәркіленген. Бұл туындыларды иелері фашистер Германия билігінде болған 1930-шы жылдары жоғалтқан болатын.