«Қуатым барда, ойнай беремін деп айтуыма болар еді, алайда өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», — деді Роналд — Әрине, ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін».
Роналду мансабын қай клубта аяқтайтынын нақ басып айта алмады.
«Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», — деді ол.
Еске сала кетейік, Криштиану Роналду «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасының рекордшысы.