Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, жел күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында атмосфералық ағындардың

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 557
Фото - Caravan.kz

өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет»  РМК.

Солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.


Солтүстік-батыста кей жерлерде күн 0-3 градусқа дейін суытады. Республиканың оңтүстігінде, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында  өте жоғары өрт қаупі сақталады.