Құран науқас баланың «ұйқыдағы миын» оятты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құран науқас баланың «ұйқыдағы миын» оятты

Құран науқас баланың «ұйқыдағы миын» оятты

Индонезиялық он жасар бала ауыр науқасына қарамастан Құранды түгелдей жатқа оқитын дәрежеге жетті.

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

Фаджар Әбдурахим Вахьюдионо есімді баланың орталық жүйке жүйесі зақымданған. Оның ата-анасы баласына қасиетті Құранның ем болатынына сенген, деп жазады muslim.kz. 

Сондықтан да олар Фаджарға сәби кезінен бастап, Құран әуенін тыңдатып өсіреді. Кейіннен интерактивті тақта арқылы араб әліпбиін жаттатуға кіріседі. Теледидар мен басқа әуендерге жол жоқ деген қағидамен өскен Фаджар тоғыз жасында қасиетті Құранды жаттап шығады.

Анасының айтуынша, күнделікті Құран қайталап жүрген оның жағдайы жақсарып келеді. Және оны соңғы тапcырған сынақ нәтижесі де растап отыр. Қазір Фаджар мектепке барып жүр.



«Бұл — қасиетті Құранның арқасы. Ол ұлымның ұйқыдағы ми клеткаларын оятты», — дейді 35 жастағы анасы.