74 жасқа қараған шағында белгілі ғалым, экономист, профессор Қуанышбай Нұрмағанбетов өмірден өтті. 1940 жылы қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген жан саналы ғұмырын ғылым жолына арнады. Еңбегі еленген Қуанышбай Нұрмағанбетов Елбасыдан алғыс хат алып, ғалымдар мен академиктерге арналған мемлекеттік стипендияға да ие болған. Білім саласының құрметті қызметкері атағы да бар. Қуанышбай Нұрмағанбетов ғылыммен айналысқан шағында бірнеше жас буынға дәріс беріп, ғылым жолына тәрбиелеп шығарды.