-Доблестный полиция да?
-Ну-ну не говори..
Түнгі кезекшіліктен шыққан қос тәртіп сақшысын ұйқы қысса керек, көліктерінің артқы орнына құшақтасып, жантая кетіпті. Тіпті бірі өзін жайлы сезінгені сонша шұлығын шешіп тастап, көліктен аяғын шығарып көсіліп жатыр. Қорылға басқандар қасына камерамен келгендерді де елеген жоқ. Басшылары олар түні бойы көз ілмегендіктен осындай ерсі қылықққа барды дейді. Дегенмен, екеуі де осы бейнежазба ғаламторға жарияланған күннің ертесіне жұмыстан қуылыпты. Куәгерлердің кейбірі ұйқышыл полицейлердің тіпті маc болғанын айтуда. Дегенмен мұны басшылары растаған да, теріске шығарған да жоқ.

