олардан 270 килодай бекіре тұқымдас балық тәркіленді, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясынан.
Ақпаратқа қарағанда, өткен дүйсенбіде Амангелді ауылының қасында Орал өзенінің төменгі бөлігінде рейд шаралары кезінде аспалы "Ямаха-200" моторы бар қолдан пластиктен жасалған қайық мінген 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған.
"Қайығын қарау кезінде бекіре тұқымдас 73 балық табылған, жалпы салмағы 150 кило", деді агенттікпен әңгімелесуші.
Сонымен қатар, сол күні Зарослый каналында Атыраудың екі тұрғыны ұсталған, олар аспалы "Ямаха-200" моторы бар "Амур" қайығымен жалпы салмағы 120 кило бекіре тұқымдас 50 балық тасымалдамақ болған, олардан тағы 5 ау табылған.
Қазіргі уақытта бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау органдарына өткізілді, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.