Қостанай облысында радиация деңгейі жоғары рудасы бар екі вагон ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында радиация деңгейі жоғары рудасы бар екі вагон ұсталды

Қостанай облысында радиация деңгейі жоғары рудасы бар екі вагон ұсталды

Қостанай облысында Астанаға қарай шыққан екі жүк поезында радиация деңгейінің жоғары екендігі анықталды,

  • 4 Қараша 2014
  • 693
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
Сейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, Тобыл станциясынан келе жатқан Маңғышлақ-Астана қатынасындағы жүк поезы вагондарында радициясының жоғары екендігі туралы хабар шекаралық қызметтің 2031 әскери бөлімшесінен түскен.
"69 вагонның екеуінде радиация жоғары болып шықты. Ол вагондарда брикеттелген түсті металл рудасы бар", делінген ақпаратта.
Поезд Қостанай облысының Әулиекөл ауданының Құшмұрын станциясына келген кезде радиациясы жоғары вагондар ажыратылып, тұйық жолға қойылды.
Жүкті жолдаушы "База-Свалка" ЖШС (Маңғышлақ), алушы -"Торес" ЖШС (Алтын-Тау).