Назарбаев Түркияның экс-президенті Демирелді 90 жылдығымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Түркияның экс-президенті Демирелді 90 жылдығымен құттықтады

Назарбаев Түркияның экс-президенті Демирелді 90 жылдығымен құттықтады

Түркиядағы Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаев Түрік Республикасының бұрынғы президенті Сүлейман Демирелмен 90 жасқа толған күнінде кездесіп, оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыс етті,

  • 4 Қараша 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметінен.
"Өз хатында президент Н.Назарбаев С.Демирелді мерейтойымен шын жүректен құттықтады.Елбасы оның тәуелсіздік жылдары қазақстандық-түрік ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады", делінген сейсенбіде таралған ақпаратта.
Кездесу барысында С.Демирель "досы және бауыры" ретінде санайтын Н.Назарбаевпен кездескен сәттерін жылы еске алып, Қазақстан президентіне , бүкіл қазақстандық халыққа үлкен алғысын білдірді, делінген онда.
С.Демирель –Түркияның танымал мемлекеттік қайраткері. Кезінде 1965 пен 1993 жылдар арасында бес рет (жалпы алғанда 12 жыл) елдің премьер-министрі болған, 1993- 2000 жылдары 7 жыл бойы Түркия президенті болған.