ҰҚКҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ өкілдері Мәскеуде келіссөздер жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰҚКҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ өкілдері Мәскеуде келіссөздер жүргізеді

ҰҚКҰ, ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ өкілдері Мәскеуде келіссөздер жүргізеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Еуразиялық экономикалық қауымдастық және ҰҚКҰ ұйымдарының жоғары лауазымды тұлғалары

  • 4 Қараша 2014
  • 577
Фото - Caravan.kz


Мәскеуде халықаралық ахуал мен дамудың басым бағыттарын талқылайды. Бұл туралы ҰҚКҰ бспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов мәлімдеді.
"7 қараша күні Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының бас пәтерінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ТМД, Еуразиялық экономикалық қауымдастық және ҰҚКҰ жоғары лауазымды тұлғаларының жұмыс кездесуі өтеді», — дейді В.Зайнетдинов.
ҰҚКҰ бас хатшысы Николай Бордюжа, ТМД Атқарушы комитеті – атқарушы хатшысы Сергей Лебедев, ЕурАзЭҚ бас хатшысы Тайыр Мансұров, ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезецев ЕурАзЭҚ, ҰҚКҰ, ТМД және ШЫҰ-ның дамудың басым бағыттары, келешек даму жоспары бойынша халықаралық жағдайы мен ағымдық қызметін талқыламақ.