Петропавлдық шенеуніктер нан бағасын түсіре алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық шенеуніктер  нан бағасын түсіре алмай отыр

Петропавлдық шенеуніктер нан бағасын түсіре алмай отыр

Петропавлдық шенділер нан бағасын түсіре алмай отыр. Өткен айда «Петропавл нан тоқаш» комбинаты бір бөлкені 46-дан 65 теңгеге өсіргенде атқамінерлер монополистке қарсы еш шара қолдана алмаған еді. Енді олар өзге 11 шағын наубайхана иелерімен ас атасының бағасын түсіру туралы төрт жақты келісімге қол қойды. Осылайша әкімдіктегілер нан тоқаш комбинатының нарықтағы мысын басып көрмекші.

  • 5 Қараша 2014
  • 195
Фото - Caravan.kz


Шыңғысбек Сұлтанбеков, Петропавл қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

-11 наубайханаға ұн бердік, ұнның бағасы төмен 20 теңгеге. Оның себебі ауыл шаруашылығы басқармасы субсидия жаса жатыр.  Олар енді 48 теңгеден алатын болды.

Арзан ұнды алған наубайханалар енді нанның бағасын 45 теңгеге түсіруі тиіс. Ол үшін кәсіпкерлерге тұрақтандыру қорынан айына 350 тонна арзандатылған ұн берілетін болды. Алайда «Петропавл нан тоқаш» комбинатының нарықтағы үлесі бәрібір басым. Қалалықтардың жартысынан астамы қымбат болса да дәміне тілдері үйренген сапалы нан жейді дейді мамандар. Оның үстіне, шенділердің жаһанға жар салған меморандумы тек жыл соңына дейін ғана жалғасады екен.