Бірақ соның бәрі ешбір құжатсыз жеткізіліп жатыр. Ал контрабандалық тауардың жолын кесу мүмкін болмай тұр. Себебі Кеден одағының техникалық регламентінде жұмыртқаға қатысты таңба жоқ. Енді жергілікті бизнесмендердің мүддесін қорғауға кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы қосылып, шетелдік өнімдердің таңбаланауын талап етті. Тіпті жұмыртқаның айналымын қатаң бақылауға аламыз деп білек сыбанып отыр. Әйтпесе, нарықты көрші елден жеткізіліп жатқан арзан жұмыртқа басып барады.
Сергей Радаев, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасының департамент директоры:
-Ресейден жеткізелетін жұмыртқалардың ветеринарлық сертификаты жоқ. Екіншіден шаруа қожалықтарынан жеткізіліп жатыр. Ешқандай салық төлемейді. Сапасы біздің жұмыртқадан нашар. Бірақ бағасы разан болғандықтан жұрт соны алады. Ал отындық өнім өтпей жатыр.