Министрлік әр көлікте болуы тиіс бірнеше дәріні алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлік әр көлікте болуы тиіс бірнеше дәріні алып тастады

Министрлік әр көлікте болуы тиіс бірнеше дәріні алып тастады

Ал еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі әр көлікте болуы тиіс медициналық жабдықтың құрамын қайтадан өзгертіп тастады. Яғни оның ішінде енді адамға қатты әсер ететін препараттар болмайды.

  • 5 Қараша 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда ауыруды басатын «Кеторолак» пен антисептикалық «Хлоргексидин», сондай-ақ, жүрекке қажет «Нитроглицерин» мен «Валидол» медициналық жабдықтың ішінен алынып тасталды. Оның орнына қандай дәрі-дәрмектер енетіні әзірге белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған препараттарды бірнеше ай бұрын ғана медициналық жабдыққа енгізген еді. Енді, міне, сол дәрілерді қайтадан алып тастап отыр. Ал еліміздегі құқық қорғаушылар бұл өзгерістердің фармацевтикалық компаниялар арасындағы бәсекелестіктен туғанына сенімді.


Сергей Уткин, заңгер:

-Көлікте жатқан медициналық жабдықтың құрамын қайта-қайта өзгерте беру кімге керек? Әрине, бұған фармацевтикалық компаниялардың қатысы бар. Міне, солар өздері өндірген дәрілердің осы медициналық жабдықтың ішіне енгенін қалайды. Себебі, ол қаншама пайда әкеледі. Бірақ бұны дәлелдеу қиын.