Әсіресе, қоғам белсенділерін шошытып отырған көлік тұрағына қатысты бап. Онда көліктерді кез-келген орынға қоюға тыйым салынған. Яғни тоқтайтын жеріңізде міндетті түрде «П» деген белгі болуы керек. Ал егер ондай белгі орнатылмаған жерге көлік қойсаңыз, 27 мың теңге айыппұл төлейсіз. Осындай қатаң өзгертулер көптеген жүргізушілердің түсінбеушілігін тудырды. Себебі, қала ішінде ондай белгі қойылған арнайы орындар тым аз. Сол үшін қоғамдық ұйымдар да заң жобасының шикі екендігін айтып, бас прокуратураға шағым түсірді. Енді, міне, сол прокуратурамен қоса, депутаттар да дау тудырған заңды қайта қарауды ұсынып отыр.
Арсен Шакуов, «Ортақ жол» қоғамдық бірлестігінің президенті:
-Біздің көшелерде белгілер мен көлік қоюға рұқсат етілген жерлер аз. Заңды қабылдамас бұрын сондай көлік қоюға рұқсат етілген жерледің санын арттыруымыз керек еді. Қаланың шетіне шығып кетсеңіз, ондай белгілерді тіпті таппайсыз.Сол үшін әлгі талапты алып тастау керек.