Калачиге қонаққа келген бала «қалың ұйқыға» кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачиге   қонаққа келген  бала «қалың ұйқыға» кетті

Калачиге қонаққа келген бала «қалың ұйқыға» кетті

Ақмола облысындағы «ұйқы дерті» астаналық бүлдіршінге жұқты. Белгісіз аурумен аты шыққан Калачи ауылында 4 жасар қыз қалғып кеткен.

  • 5 Қараша 2014
  • 206
Фото - Caravan.kz


Ол Астанадан ата-анасымен бірге Калачидағы әжесіне барған екен. Кешке қарай бүлдіршіннің басы айналып, шошынып айғайлай бастапты. Аяқ астынан осындай күйге түскен оны туыстары ауылдың амбулаториясына жеткізген. Сөйтсе, ол да соңғы екі жылдан бері талай маман бас қатырып, емін де, атауын да таба алмай жатқан «ұйқы дертіне» шалдыққан. Қазір бала ауруханада қалың ұйқыда жатыр. 680 адам тұратын Калачидың тұрғындарының арасында екі-үш рет осылай ұйықтап кетіп, бір аптаға дейін ессіз жатқандар бар. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігінен, арнайы Радиология институттарынан келген мамандар сырқаттың неден болғанын болжап та біле алмай отыр. Жұмбақ аурубелең алған елді мекеннің маңында бұрын уран кеніштері болған.