«Курицы Ақтөбе» парақшасында қыздарды қорлаған жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Курицы Ақтөбе» парақшасында қыздарды қорлаған жігіт ұсталды

«Курицы Ақтөбе» парақшасында қыздарды қорлаған жігіт ұсталды

Әлеуметтік желілер арқылы қыздардың арын таптағандарды ақтөбелік жігіттер сабасына түсіруде. Олар ВКонтакте желісіндегі «Курицы» парақшасында ойына келгенді жазғандарды камера алдында кешірім сұрауға мәжбүрлеп жатыр.

  • 5 Қараша 2014
  • 338
Фото - Caravan.kz


-Сурет астына жазған ұятсыз пікірлерім үшін кешірім сұраймын. Мен сіздерді әр жігітпен төсектес болып жүр деп ойдан жаза салдым. Кешіріңіздерші. Өтінемін.

Қыздарды тауыққа теңеп, сыртынан қырғидай тигендердің бірі осы Алексей Романенко. Ол ВКонтакте желісіндегі парақшаға ақтөбелік қыз-келіншектер туралы сорақы пікірлер жазған. Жұрттың көңілін өзіне аудару үшін компьютер алдында ғана батырсынатындығын айтады. Осы сияқты бірнеше бұзақыны жергілікті жігіттер ұстап алып тәубесіне түсірген. Ал шу тудырған парақшаның иесін тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Анықталса қылмыстық іс қозғалып, сот алдында қыз-келіншектердің абыройына нұқсан келтіргендері үшін жауап береді деп сендірді.