Қорғаныс министрлігіне қатысты тергеу амалдарын саясиландырғаны үшін министр отставкаға кетті - Грузия - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігіне қатысты тергеу амалдарын саясиландырғаны үшін министр отставкаға кетті - Грузия

Қорғаныс министрлігіне қатысты тергеу амалдарын саясиландырғаны үшін министр отставкаға кетті - Грузия

Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Қорғаныс министрі Ираклий Аласанийді отставкаға жіберді, деп хабарлады «Интерфакс». 

  • 5 Қараша 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

Премьердің айтуынша, бұл шешім қазіргі кезде әскери ведомстводағы жемқорлыққа қатысты тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты.

«Грузияның солтүстікатлантикалық бағытына қатер бар деп, министр жауапсыз мәлімдеме жасады және жемқорлық деректері мен өрескел қателіктер табылған Қорғаныс министрлігіне қатысты тергеу амалдарын саясиландырғысы келді», делінген мәлімдемеде.

Үкімет басшысы Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы болып, Дағдарысты басқару Кеңесінің жетекшісі Миндия Джанелидзе тағайындалатынын мәлімдеді.


Парламенттің жаңа басшыны мақұлдағанына дейін Қорғаныс министрінің міндетін ведомствоның бірінші орынбасары Георгий Гегечкори атқарады.