Microsoft компаниясы Windows 7 және 8 операциялық жүйелерінің кейбір нұсқаларын сатуды тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Microsoft компаниясы Windows 7 және 8 операциялық жүйелерінің кейбір нұсқаларын сатуды тоқтатты

Microsoft компаниясы Windows 7 және 8 операциялық жүйелерінің кейбір нұсқаларын сатуды тоқтатты

Американдық Microsoft корпорациясы Windows 7 және 8 операциялық жүйелерінің кейбір нұсқаларын сатуды тоқтатты.

  • 5 Қараша 2014
  • 1585
Фото - Caravan.kz


Компанияның хабарлауынша, бұл операциялық жүйелердің соңғы шыққан нұсқаларын пайдаланушылар санын арттыруға көмектеседі.
Microsoft 31-қазаннан бастап Windows 7 нұсқалары мен Windows 8 орнатылған Home Basic, Home Premium және Ultimate компьютерлерін сатылымнан алып тастаған болатын.
Windows 7 жүйесін негізгі қолдау базасы 2015 жылдың 13-қаңтарынан, Windows 8 қолдау базасы 2018 жылдың 9-қаңтарынан бастап қолданыстан толық шығарылмақ. Осыдан екі жыл бұрын шыққан соңғы операциялық жүйе жұртшылық тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Себебі, онда жұмыс үстелінің бірқатар элементтері жоқ.
Ал, 2009 жылдың соңында қолданысқа енген Windows 7 әлі күнге дейін пайдаланушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Пайдаланушылардың 53 пайызынан астамының компьютері Windows 7 нұсқасымен жұмыс істейді. Ал, сегізінші нұсқаны пайдаланушылардың 8 пайызы ғана қолданады.
Microsoft биылғы жылдың 8-сәуірінде Windows XP операциялық жүйесі мен Office 2003 қосымшаларын техникалық қолдауды тоқтатқан болатын.
Жаңа операциялық жүйе – Windows 10 2015 жылы шығуы тиіс.