2016 жылы Алматыда жеңіл рельсті транспорт құрылысына конкурс жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылы Алматыда жеңіл рельсті транспорт құрылысына конкурс жарияланады

2016 жылы Алматыда жеңіл рельсті транспорт құрылысына конкурс жарияланады

2016 жылы Алматыда жеңіл рельсті транспорт құрылысына конкурс жариялануы мүмкін.

  • 5 Қараша 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Мемлекет-жеке меншік әріптестік жобаларын қолдау орталығының бас директоры Елжан Біртанов мәлім етті.
«Әзірге конкурсты 2016 жылы жариялаймыз деген жоспарымыз бар», — деді ол сәрсенбі күні журналистерге.
Е.Біртановтың айтуынша, жеңіл рельсті транспорт жүйесін салу жобасын Алматы әкімдігі Еуропаның Қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырады.
«Жобаның едәуір бөлігі әзірленген – техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, есеп-қисабы жүргізілген. Бүгінде Алматының көлік жүйесін дамыту жөніндегі жаңа стратегияға байланысты жобаны толықтыру қажеттілігі туындап отыр. Келесі жылдан бастап конкурстық құжаттарды дайындау жөнінде халықаралық консультациялар өткізу жоспарланған», — деді Е.Біртанов.
Ұзақ мерзімдік контрактілердің жүгі ауыр, сондықтан жан-жақты пысықтап алу қажет. Жобаның құны әзірге анықталған жоқ, деп қосты ол.