Коммунистер төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартқан үкіметті сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коммунистер төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартқан үкіметті сынға алды

Коммунистер төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартқан үкіметті сынға алды

Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясы төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартуына байланысты үкіметті сынға алды.

  • 5 Қараша 2014
  • 627
Фото - Caravan.kz


«Қазақстан әлемдегі мұнай өндіретін 20 елдің қатарына кіреді. Соған қарамастан жанармай дағдарысына ұшырап отыр. Ол мұнай өнімдерінің тапшылығы, бағасының қымбаттауы және сапасының төмендеуі сынды жағымсыз жайттар арқылы сезіліп жатыр. Біздің ойымызша, жанармай дағдарысының шынайы себебі бензин бағасының төмендігінде емес, мемлекеттік мұнай-газ саясатындағы жүйелі олқылықтарға байланысты», — деп сәрсенбідегі жалпы отырыста премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған депутаттық сауалымен таныстырған Айқын Коңыров мәлім етті.
Оның айтуынша, бұған «өрт тигендей асығыстықпен бекітіліп жатқан мұнай өнімдерін импорттау жөніндегі контрактілер куә». «Өкінішке орай, елімізде отандық мұнай өңдеу саласын ұзақ мерзімдік дамытуға қатысты нақты жоспар жоқ. Ол қолданыстағы МӨЗ жаңғырту сынды жоспарлармен алмастырылып отыр», — деді ол.