KEGOC» басшысы өзі басқарып отырған компанияның акцияларын жалақысына сатып алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
KEGOC» басшысы өзі басқарып отырған компанияның акцияларын жалақысына сатып алмақ

KEGOC» басшысы өзі басқарып отырған компанияның акцияларын жалақысына сатып алмақ

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев бүгін акциялары «Халықтық ІРО» нарығына шыққан компаниясының құнды қағаздарын өзінің жалақысына сатып алатындығын айтты.

  • 5 Қараша 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Менің жалақымның шамасына қарай акцияларды сатып алатын боламын»,- деді ол бүгін тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Бүгін электр желілерін басқару бойынша қазақстандық «KEGOC» компаниясы қор нарығына шығуы аясында әлеуетті инвесторлармен кездесу өткізуде.

«Бүгін бізде болашақ әлеуетті инвесторларды ақпараттандыру бойынша роуд-шоу өтіп жатыр. Осы орайда оларға компания жайында, негізгі аспектілер тұрғысында, ел экономикасын дамытудағы компанияның рөлі туралы айтып береміз», — деді Б.Қажиев.

Айта кетейік, бүгіннен бастап акцияларды сатып алуға өтінімдерді беруге болады. Аталған компанияның қарапайым бір акциясының құны 505 теңгеге бағаланып отыр.