Депутат Ертаев қару-жараққа тапсырыс берудің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құруды ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Ертаев қару-жараққа тапсырыс берудің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құруды ұсынуда

Депутат Ертаев қару-жараққа тапсырыс берудің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құруды ұсынуда

Қазақстан армиясы, арнайы қызмет және құқық қорғау органдарына арнап қару-жарақ пен техникаға жалпы тапсырыс беру жүйесін құру осы құрылымдар қатарында жемқорлықтың тамырына балта шабуға мүмкіндік береді,

  • 5 Қараша 2014
  • 564
Фото - Caravan.kz


дейді көп жылдар бойы еліміздің қарулы күштерінде басшылық қызметтер атқарған мәжіліс депутаты генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев
«Мемлекет пен қоғамның ұлттық қауіпсіздігіне қатысты мәселелер кешенін шешуге жауапты жоғары лауазымды мүшелердің ақша жымқыру және пара алуға байланысты әскери және күштік құрылымда толастамаған дау-дамайлар мені және өмірінің басым бөлігін әскери қызметке арнаған қызметтестерімді бей-жай қалдырмайды», — деп ол бүгін палата отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолданған депутаттық сауалды оқып берді.
Оның пікірінше, мемлекеттің қамсыздандырылуын, Қазақстан қорғанысы мен қауіпсіздік қажеттілігін қарастыратын тапсырыстар жүйесі қазіргі күйінде тауарлар мен қызметтерді сатып алумен айналысатын жекелеген лауазымды тұлғалардың заңсыз баюына қолайлы ықпал етеді.
Сондықтан бүгінгі таңда тендер өткізу жүйесінде, жүргізіліп жатқан қару-жарақ пен әскери техниканы мемлекеттік сатып алу үрдістерінде жоғары офицерлік құрамға жемқорлық сипаттағы заң бұзушылықтар таңылып жатқаны таңданыс туғызбайды, дейді Б.Ертаев.
Мұның бәрі Қазақстанның қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін мемлекеттік қорғаныс тапсырысын құру және орындау мәселесінде мемлекеттік органдарға қатысты айқын құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі салдарынан болады, дейді ол.
Әскери қызметшілерді жемқорлық әрекетке баруға, мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмысқа баруға қолайлы жағдай құратын түрлі құбылыстардан қорғау керектігін айтады.
Қорғаныс мекемесі мен өзге әскери құырылымдардың, сондай-ақ мемлекеттік құқық қорғау органдарының арнайы жасағы басшыларының назары тек әскери және ұтқыр дайындыққа ғана, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тікелей тапсырмаларды орындауға ғана бөлінуі керек.
«Осы орайда мүдделі мемлекеттік органдарға қару-жарақ, техника және өзге құралдарға орталықтандырылған тапсырыс беру жүйесін құру мәселесін пысықтау ұсынылуда. Оның үстіне, армия үшін ғана емес, арнайы кеден қызметтері, шекара жасақтары, ұлттық гвардия, ІІМ бөлімшелері және өзге күштік органдар үшін», — дейді парламент мүшесі.
«Нұсқалардың бірі ретінде сатып алудың тіркемелі тендерлік үрдісін жүргізуді үкіметке тікелей бағыныңқы ете отырып, мемлекеттік тапсырыс құру, орналастыру және орындау функцияларын бере отырып, жеке құзырлы мемлекеттік органға тапсыруды ұсынамыз», дейді Б.Ертаев.
Депутат мұнымен қоса қару-жарақты пайдалануға қабылдау, техника, арнайы құалдар, қондырғы және т.б. сатып алу бойынша әскери-техникалық комиссия құруды, оған қажетті өкілеттіктер беруді ұсынуда. Бұл комиссия құрамына үкімет пег мүдделі мекеме өкілдерін кіргізген жөн.