Мексикалық жігіт қазақ қызына үйлену үшін Ислам дінін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикалық жігіт қазақ қызына үйлену үшін  Ислам дінін қабылдады

Мексикалық жігіт қазақ қызына үйлену үшін Ислам дінін қабылдады

Шымкентте мексикалық жігіт пен қазақ қызының тойы өтті.Оңтүстікте туып өсіп, кейіннен АҚШ-қа жұмыс бабымен кеткен Жанат Әліповаға мексикалық Хесус Гарайдың ғашық болғаны сонша, Шымкенттегі қалыңдықтың туыстарымен танысып, тіпті қазақ қызына қолы жету үшін ислам дінін де қабылдаған. Артынша Шымкентте дүрілдетіп той жасады.

  • 6 Қараша 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz

Тойға тіпті құдаларымен танысу үшін Америкадан Хесустың ата-анасы да келген. Хесус деген есімін мұсылманшалап Иса деп өзгерткен ол той спирттік ішімдіксіз өткенін қалапты. Осыдан он жыл бұрын бейсбол матчында танысқан екеу осы уақытқа дейін дос болып жүрген екен. 46 жастағы күйеу бала мен 33 жастағы Жанат енді әке-шеше болуды армандап жүр. Исаның айтуынша, балаларының есімін қазақшалап қоймақшы. Тіпті қазақ тілін де үйреніп жүр екен. Әзірге Құрама Штаттарда тұратын олар болашақта Қазақстанға көшіп келмек ойлары бар. Тегі мексикалық болғанымен, Иса АҚШ азаматы.


Иса Гарай:

-Алғашында Жанат маған келісімін бермей жүрді. Оған махаббатымды дәлелдеу үшін соңынан он жыл жүрдім. Қазір ол жанымда. Әзірге Америкада ата-анамызбен бірге тұрамыз. Жанат екеуіміз алдағы уақытта Астанаға қоныс аударып, онда мексикалық стильде мейрамхана ашамыз деп жоспарлап отырмыз.