Обама республикашылдардың айтқанынан шыға алмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама   республикашылдардың айтқанынан шыға алмайды

Обама республикашылдардың айтқанынан шыға алмайды

АҚШ Сенаты енді республикашылдар бақылауында. Конгресс сайлауында жеңіліс тапқан президент жақтастары, яғни демократтар Парламенттің қос палатасындағы басым дауыстарын толығымен республикашылдарға өткізіп берді.

  • 6 Қараша 2014
  • 185
Фото - Caravan.kz


Конгресс сайлауын мамандар аралық деп атайды. Себебі, ол ел президентінің қызмет мерзімінің орта тұсында өтеді. Бұған дейін екі палатадан тұратын Конгрессті қос партия бөліп алған болса, енді демократтар жоғарғы палатадағы орындарынан түгел айырылып қалды. Бұның басты себебі президенттің ұстанған саясатын жұрттың қолдамайтынында болуы мүмкін. CNN телекомпаниясы жүргізген сауалнама бойынша 10 адамның жетеуі Обаманы жақтамайды екен. Енді республикашылдар партиясы парламенттің екі палатасын да басқаратындықтан, Обаманың өз ұсыныстарын өткізуі қиынға соқпақ. Ал Конгрессті бақылауға алу үшін республикашылдарға небәрі 6 штатта жеңу жеткілікті болыпты.