Астанада жүздеген жолаушы жолынан қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жүздеген жолаушы жолынан қалды

Астанада жүздеген жолаушы жолынан қалды

Астананы басқан қалың тұман жүздеген жолаушыны жолынан қалдырды. Табиғаттың осы тосын мінезінің салдарынан бүгін ондаған әуе рейстері жаппай кешігіп, бас қалаға бағыт алған адамдар әуежайларда сағаттап отыруға мәжбүр.

  • 6 Қараша 2014
  • 200
Фото - Caravan.kz

Таң атқалы мұнда кісі қарасы көп. Өйткені, қалааралық қана емес, халықаралық бағыттарға ұшатын рейстер де кешігіп, кейбірі кейінге шегерілген. Ең қиыны, Қытайдан келетін ұшақтарға тұман сейілгенше қону алаңына маңайлауға рұқсат жоқ. Ал, Шымкенттен таң ала кеуімде шыққан ұшақ тіпті Қарағанды әуежайына аялдауға мәжбүр болған. Тұманға байланысты Елорда әуежайы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіпті.

Ал, синоптиктер тұман жақын арада сейілмейді деп отыр. Бір апта бойы   Елорданы тұмшалап тұрған тұман әлі де, жолаушыларды жолынан қалдыратын түрі бар.


Людмила Капечук, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ  маркетинг бөлімінің басшысы
:

-Жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Тек ыстық тамақпен қамту жағын әуекомпанияларының өздері мойындарына алуы керек.