ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшылары кеңесінің 37-ші отырысы биыл Астанада өтуде. Арнайы қызмет жетекшілерін бүгін Елбасы қабылдап, жүздесудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Өйткені әлемдегі ушыққан геосаяси жағдайда лаңкестікке бірігіп тойтарыс беру керек. Сонымен қатар қауіпті радикалды топтар жайында ақпарат алмасудың қажеттігін баса айтты. Себебі қазір Кеден Одағына мүше үш мемлекеттің шекарасы ашық. Мұны қаскөйлер өз мақсатына пайдаланбасы үшін күш біріктіру міндет.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Жаңа қауіптер бас көтере бастады. Лаңкестік топтар да белсенділік танытуда. Осы жерде қауіпсіздік органдарының қоян-қолтық жұмыс істеуі маңызды.