Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінде 650 мемлекеттік кәсіпорын сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінде 650 мемлекеттік кәсіпорын сатылады

Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінде 650 мемлекеттік кәсіпорын сатылады

Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінде (2014-2016 жылдары) 650 мемлекеттік кәсіпорын сатылады.

  • 6 Қараша 2014
  • 898
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан мен Польша арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне арналған «дөңгелек үстелде» Инвестиция және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.
Қазақстандағы негізгі инвестор жеке меншік сектор болып табылады, деді вице-министр.
«Қазір мемлекеттің үлесі 25%-дан аспайды. Үкімет оны қысқарту туралы шешім қабылдады», — деп түсіндірді ол.
Бұрын хабарланғандай, елімізде жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданған болатын. 2014 жылы 295 нысанды сату көзделген. Оған қосымша әкімдіктер, ӘКК мен холдингтер тағы 16 нысанды жекешелендірмек. Осы 311 нысанның 20-сы республикалық меншіктегі, 132-сі коммуналдық, 80-і ӘКК, 79-ы холдингтердің меншігіндегі нысандар.