Депутат Қуаныш Айтаханов үшем туған аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезексіз баспана беруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Қуаныш Айтаханов үшем туған аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезексіз баспана беруді ұсынды

Депутат Қуаныш Айтаханов үшем туған аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезексіз баспана беруді ұсынды

Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов дүниеге үшем әкелген аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезексіз баспана беруді ұсынды.

  • 6 Қараша 2014
  • 700
Фото - Caravan.kz


«Елімізде үшемдеп көптеп туылып жатыр. Жыл сайын 40-50 үшем дүниеге келеді. Жергілікті атқару органдары үшем туған аналарға қолдау көрсетіп жатыр. Оларға отынмен, азық-түлікпен т.б. көмек көрсетеді. Алайда, дүниеге бірден үш перзент әкелген әйелдерге баспана беру мәселесі заңда қарастырылмаған», — деді ол бейсенбі күні палатаның тұрғын үй қатынастары мәселелеріне арналған түзетулерге арналған отырысында.
«Біз заңға үшем және одан да көп бала туған аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқару органдары тарапынан жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана бөлуге мүмкіндік беретін норма енгізуіміз қажет», — деді ол әріптестеріне.
Қ.Айтахановтың айтуынша, бұл норманы жүзеге асыруға жыл сайын 400-500 млн теңге қажет.
«Біздің осы өтінішімізді премьер-министр Кәрім Мәсімовке жеткізулеріңізді сұраймыз., Үшемдердің аналарына баспана беруге қаражат табу қиындық тудырмайды деп ойлаймын», — деді ол үкімет мүшелеріне.