«Алматы метрополитені (…) пайдалануға берілген сәттен бастап стратегиялық нысандар тізіміне енгізілуі тиіс», — деді палатаның бейсенбідегі жалпы отырысында үкімет басшысы Кәрім мәсімовтің атына жолдаған депутаттық сауалымен таныстырған А.Бижанов.
Депутаттың айтуынша, күн сайын метроны 20 мыңнан астам адам пайдаланады. «Жуырда тағы екі станция ашылады. Жолаушылар саны екі есе артады. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің маңызы зор», — деді ол.
«Бұл әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Барлық елдерде метрополитен стратегиялық нысан қатарына жатқызылған. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында (…) метрополитенді стратегиялық нысандар тізіміне енгізуді ұсынамыз», — деп қорытты А.Бижанов.