Сергей Кулагин: Ақмола облысында жас дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту үшін грант бөлінбек - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сергей Кулагин: Ақмола облысында жас дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту үшін грант бөлінбек

Сергей Кулагин: Ақмола облысында жас дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту үшін грант бөлінбек

Жас дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту үшін грант бөлінетін болады. Бұл туралы Егіндікөл ауданында жұмыс сапарымен болған Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

  • 6 Қараша 2014
  • 387
Фото - Caravan.kz

Аймақ басшысы аудандағы Полтавское селосында болып, осындағы білім ордасының жұмысымен танысты. Мұғалімдермен және оқушылармен кездескен облыс әкімі мектептің қысқы әзірлігі және оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы жөнінде сұрап біліп, білім ордасына жаңа теледидар сыйлады. Кездесу барысында аймақ басшысы Сергей Кулагин ауылдық жерлерде гуманитарлық сала мамандарының жетіспеушілігін тоқталды. Осы ретте ол облыста келер жылы еліміздегі жоғары оқу орындарына жаңадан түскен студенттерге грант бөлу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар аймақ басшысы «Армавирский» ЖШС-нің мал бордақылау алаңдарында да болды. Ауданда 2013 жылдан бастап 1000 бас асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жобасы жүзеге асырылуда. Инвестициялық жоба 409 миллион теңгеге бағаланып отыр. Мұнда асыл тұқымды ірі қара семіртіліп сатылады. Қазірдің өзінде 923 бас «Ангус» тұқымды ірі қара сатып алынған. Алдағы уақытта мал басын одан әрі көбейту жоспарланып отыр. Серіктестік жұмысына оң бағасын берген облыс әкімі осындағы орта мектеп пен 140 орынға арналған «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілерінің жағдайына қанықты.

Сапар соңында аймақ басшысы аудан активімен кездесіп, өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-эконмикалық дамуы жөнінде аудан әкімінің есебін тыңдады. Осы орайда облысы әкімі Сергей Кулагин аудан орталығын абаттандыру, инвестиция тарту және жаңа тұрғын үй алаңдарын салу жөніндегі нақты тапсырмалар берді. Ол сондай-ақ аудандық ауруханаға «Хюндай» жедел жәрдем көлігінің кілтін тапсырды және өңірдің дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала қызметкерлерін грамоталармен марапаттады.