Алматыда жалаңаш еркек секіріп өлмек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалаңаш еркек секіріп өлмек болды

Алматыда жалаңаш еркек секіріп өлмек болды

Мас әрі жалаңаш! Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінде ішімдікке сылқия тойып алған ер адам көршілерінің зәресін ұшырды. Ол үшінші қабаттағы өз пәтерінің терезесінен секіруге әрекет жасаған.

  • 7 Қараша 2014
  • 283
Фото - Caravan.kz

Аяғын терезеден сыртқа салбыратып алып отырған егде жастағы азаматты осы маңайдан өтіп бара жатқандар байқап қалып, полицияға хабар беріпті. Көзіне көрінгендердің барлығын балағаттап, ойына келгенін айтқан соң ол қалғып кеткен. Осы сәтті пайдаланған тәртіп сақшылары оны пәтер ішіне кіргізіп алды. Терезеден секірмек болған адамның бұл бірінші бұзақылығы емес екен. Ішімдікке қатты әуестенгендіктен тұрақты жұмысы да жоқ. Енді ол наркодиспансерде мәжбүрлі түрде ем қабылдауы тиіс.


— Ей, киін.

— Кет, әкеңді.

— Теледидардан көрсетеді ертең сені.

— Көрсете берсін. Маған бәрібір.