Өскеменде 2 миллиард теңгеге жолайырығы жоқ көпір салынған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде 2 миллиард теңгеге жолайырығы жоқ көпір салынған

Өскеменде 2 миллиард теңгеге жолайырығы жоқ көпір салынған

Өмірге қауіпті көпір! Өскеменнің шенділері 2 млрд теңгеге жолайырығы жоқ көпір салған. Оның үстіне мұнда не белгі, не бағдаршам орнатылмапты. Сондықтан әркім өз қалауынша жүре береді. Енді осының кесірінен жұрт зардап шегіп жатыр. Жолға таласқан көліктер жиі апатқа ұшырайды. Ал адам өміріне алаңдаған қоғамдық ұйымдар осы көпірді алып тастауды не болмаса қолайлы етіп қайта салуды сұрап отыр.

  • 7 Қараша 2014
  • 280
Фото - Caravan.kz

Мына көпірдің құрылысына қазынадан 2 миллиард теңге жұмсалған. Сол кезде қала шенеуніктері осы нысан көлік кептелісін едәуір азайтады деп семіз сөйлепті. Алайда 2 жыл бұрын ашылған көпірде керісінше көлік көбейген.

Қауіпті қиылыс. Айналып өту керек біраз.

Қараңғы түскенде қиын. Оның үстінде дұрыс жарық та түспейді. Әркім өз бетімен жүреді. Тәртіп жоқ.

Ал таңертеңгі және кешкі қарбаласта көліктер бірінен кейін бірі апатқа ұшырап жатыр. Тәжірибелі жүргізушілердің өзі осы көпірден қалай өтуді білмейді. Өйткені мұнда жол белгілері жоқ, тіпті бағдаршам да орнатылмаған. Ал жоспар бойынша көпірге жолайырық салынуы керек екен. Бірақ қаржы тапшы деп оны да жасамай қойған. Жергілікті құқық қорғаушылар көпірдің құрылысында заң бұзушылықтардың барын әкімдікке талай мәрте айтқанымен, одан еш нәтиже болмай тұр.


Алексей Божко, «Витязь» қоғамдық ұйымының жетекшісі:

-Мына көпір дұрыс салынбаған. Жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де өте қауіпті. Жолайрық болмағасын жол жалғыз. Көпірден бері шығатындар мен көпірге бұрылатындар бір біріне бөгет жасайды.

Сондықтан қоғам белсенділері дау тудырған осы көпірді алып тастауды не болмаса оны жүргізушерге қолайлы етіп қайта салуды сұрап отыр. Алайда оның кезекті құрылысына 200 миллион теңге қажет екен. Бірақ ондай қаржы қала бюджетінде жоқ көрінеді. Ал жүргізушілер, тым болмаса, бағдаршам орнатып қойса дейді. Бірақ әзірге ол да жуық арада қойылмайтын сынды. Сондықтан көлік иелері қауіпті көпірмен әлі де біраз уақыт жүре тұруына тура келеді.