Алматыда Украина консулдығы жабылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Украина консулдығы жабылып қалды

Алматыда Украина консулдығы жабылып қалды

Украина дипломатиялық өкілдіктерінің санын қысқартуда. Әзірге 9 елдегі консулдықтың есігі жабылған. Олардың қатарында Алматыдағы Бас консулдық та бар.

  • 7 Қараша 2014
  • 190
Фото - Caravan.kz

Өкілдіктер 1 қарашадан бастап жұмысын тоқтатқан. Атап айтқанда, Алматыдан өзге Руминия, Словакия, Болгария, Франция, Грузия, Израиль, Бразилия және Ресейдегі бөлімдері қысқарды. Бұған негізгі себеп – ақшаның жоқтығы. Өйткені көктемнен бері елдің шығысындағы бүлік билікті қып-қызыл шығынға батырып отыр. Украина Сыртқы істер министрлігі қысқартудың әлі де жалғасуы мүмкін екенін жеткізді. Соңғы санаққа қарағанда бүгінде Қазақстанда 330 мыңнан астам украин ұлтының өкілі тұрады екен. Басым бөлігі солтүстік өңірлерде қоныстанған.


Ирина Блащук, Украинаның Қазақстандағы елшілігінің баспасөз хатшысы:

— Алматыдағы консулдықтың жабылуына бірнеше себеп болды. Соның бірі – қаржы болса, екіншісі бөлімшеге келетін адам санының аздығы. Яғни, жұмыс көлемінің жоқтығы. Бірақ консулдық жабылғанымен, елшілік қызметін тоқтатпайды. Тек енді біздің көмегімізге мұқтаж азаматтардың Астанаға келуіне тура келеді.