Атырауда 10 баласы бар ана баспана сұрап жылап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда 10 баласы бар  ана  баспана сұрап жылап отыр

Атырауда 10 баласы бар ана баспана сұрап жылап отыр

Атырауда 10 балалы отбасы қиын жағдайда өмір сүруде. Өтеғалиевтер жатақхананың бір бөлмесін паналап отыр. Екі күн қатарынан тоқтамай жауған жаңбыр да олардың еңсесін түсіріп жіберген. Өйткені төбелерінен су сорғалап, 12 адам жан бағып отырған жер қазір сыз тартып тұр. Алды кәмелетке енді жеткен шиеттей бала-шағаның жартысы жататын жер болмағандықтан, тамыр-танысты жағалап кетіпті.

  • 7 Қараша 2014
  • 457
Фото - Caravan.kz

Алтын алқа иегері Жанаргүл Нұрымбетова төбеден ішке аққан суды сүртіп әлек. Тек бала-шағасы паналап отырған бұл бөлме де өзінікі емес. Туысқаны уақытша тұруға берген  баспананың төбесін  жазда жабылып жүріп жамап-жасқаған. Бірақ 2 тәулік бойы тоқтамай жауған қар аралас жаңбыр еңбекті еш қылды.

Жанаргүл Нұрымбетова, көпбалалы ана:

-Енді менің басқа баратын жерім жоқ. Осы 10 баламды киіндіріп, әкімдікке барып отырмасам басқа  амалым жоқ.Үйдің іші көгерген иіс. Балалар өкпе ауруына шалдыға ма  деп қорқам. Жөтеледі,ауруханаға  жатып шықты.

Күндіз балалары дымқыл тартқан салқын үйде болса, кешкісін көрші-қолаңды жағалап, қонатын жер іздеп кетеді.

Зәуре Әділбаева, көршісі:

-Жылап жүр балаларын қолтықтап, түнде  төменде 4 қабатта тұрамыз, бізге де су кетіп жатыр.  Бірақ, коридорымызға кетпегесін түнде орап алып , 3-4 баласын қасыма алып жаттым.

Тұрғындардың айтуынша, ескі жатақхана иесіз. Сүрілетін апатты үйлер қатарында да жоқ. Ал Нұрымбетовтердің өзге жерден пәтер жалдауға жағдайлары жоқ. Жалғыз отағасының 60 мың теңге табысы ішіп-жемнен артылмайды. Жеті қыз, үш ұлдың аузынан жырған күннің өзінде жалға берушілер көпбалалы отбасын  ұната бермейді. Сондықтан бір пәтерге қол жеткізу – бұлардың басты арманы. Бірақ бұл жуықта орындала қоймайтын секілді. Атқамінерлер Атырауда мұндай отбасылардың көп екенін айтады.


Кенжегүл Мұсағалиева, Атырау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

-Жанаргүл Нұрымбетова халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын әлсіз топтары жататын отбасылар тізіміне 2012 жылдың 6-шы қыркүйегінен бастап тіркелген. Бүгінгі күні кезектегі реттік саны 2447. ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы заңына сәйкес, Жанаргүл Нұрымбетованың өтініші кезегіне сәйкес қанағаттандырылады.

Дегенмен,қалалық әкімдік қызметкерлері Өтеғалиевтердің жағдайымен танысып қайтуға уәде етті. Бірақ оған көп балалы отбасы аса сенбейді. Себебі, жағдайын айтып, арыз жазған жердің барлығы кейін оларды ұмытып кеткен.