Шетелдік өнімдер санитарлық талапқа сай келмегендіктен импорт аяқ асты тоқтатылған-ды. Яғни, Австралиялық «ангус» сиыр етінің құрамынан адам денсаулығына аса қауіпті препарат — тренболон ацетат табылған. Мамандар: «мұз болып қатырылған еттің құрамындағы бұл дәрі гормондарды өсіреді» деп дабыл қаққан болатын. Сондай-ақ, Ресей мен Беларусьтың құс фабрикаларымен де қарым-қатынас қалпына келіпті. Енді бұл елдерден де ірі көлемде тауық еті тасымалданбақ. Ал, Италия, Франция, Шотландия мен Кеден одағы аясындағы көршілеріміздің спирттік ішімдіктеріне керісінше, қатаң тыйым салынып отыр. Келесі жылға дейін Қазақстанға бұл мемлекеттерден алкоголь импортталмайды. Өйткені, олар арақ саудасына қатысты біздің ішкі тәртіпті өрескел бұзған.