Назарбаевқа жемқорлармен күресудің жаңа жобасы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевқа жемқорлармен  күресудің жаңа жобасы таныстырылды

Назарбаевқа жемқорлармен күресудің жаңа жобасы таныстырылды

Елімізде жемқорлыққа қарсы тағы бір ауқымды күрес жарияланбақ! Парақор шенеуніктерді тың әдіспен құрықтаудың жолы бүгін  Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылды.

  • 7 Қараша 2014
  • 227
Фото - Caravan.kz


Бірақ жемқорлармен күрескер ретінде аты шыққан Оралбай Әбдікәрімовтың Ақордаға келіп, Елбасыға қандай ұсыныс айтқаны белгісіз. Соған қарағанда, тың бастамасын әзірше құпияда ұстап, жақын аралықта жариялауды көздеп отырған секілді. Бір анығы «Жаңару» атты жаңа ұлттық қозғалыстың төрағасы, парақорларға қарсы күресті қазіргіден де күшейтпек. Сондай-ақ бұл ұйым облыстардан бөлімдерін ашып, жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекеттік мекемелерді анықтамақшы.