Сенатор үшем туған аналарға кезексіз пәтер беруді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенатор үшем туған аналарға кезексіз пәтер беруді талап етті

Сенатор үшем туған аналарға кезексіз пәтер беруді талап етті

Үшем туған анаға баспана кезексіз берілсін. Бүгін осындай тосын мәлімдеме жасаған сенатор үшемдерге бір пәтер бөліп бере алмай  отырған әкімдерге шүйлікті.

  • 7 Қараша 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz


Қуаныш Айтаханов, Сенат депутаты:

-Елімізде жыл сайын 40-50 үшемдер дүниеге келеді. Алайда, халық санын көбейтуге үлес қосып жатқан ата-аналарға заңды түрде қамқорлық жасалып, баспана беріліп жатқан жоқ.  Сондықтан, заң жобасының 1-ші бабы, 2-ші тармағы, 30-шы тармақшасындағы үшем және одан да көп бала босанған аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезектен тыс үй алуға құқық берілсін деген норма қарастырылсын.

Үшемді дүниеге әкеліп, қазақ санының артуына үлес қосса да, батыр аналардың біразы қазір кісі есігінде күнелтіп жүр. Бұған дейін еліміздің біраз өңіріндегі, үшемі бар отбасылардың қиын жағдайын көрсеткен едік. Жақында ғана, Алматыда үшем келген отбасының күл-қоқыстың арасында өмір сүріп жатқанын айтқанбыз. Үнемі көшіп-қонып жүретіндіктен балалары да жиі ауырады. Осы қорлық Айтахановқа жеткен болуы керек, сенатор  үшемі бар отбасыларға пәтер бөлу үшін қанша қаражат керектігін де есептеп қойыпты. Айтуынша, жылына 400-500 миллион теңге бөлінсе,үй мәселесін шешуге болады. Тіпті бюджеттің игерілмей қалған ақшасын да пайдалану керек деп отыр. Алайда, үшемдерді жарылқауы тиіс ұсынысқа шенеуніктердің келісе қоюы күмән тудырады.