Баку бензин беретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку бензин беретін болды

Баку бензин беретін болды

Әзірбайжан елімізге ақыры мұнай беретін болды. Қазақстан нарықтағы бағаны төлесе, тонналап бензин жеткізуге дайын екенін мәлімдепті.

  • 7 Қараша 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін Баку сұйық отын өзімізге жетпей жатыр деп мұнай өнімдерін экспорттаудан бас тартқан. Енді аяқ-асты шешімін қайта өзгертіп барымен бөлісуге дайын екенін айтып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта еліміздің жанармай бекеттері әзірбайжан бензиніне толуы ғажап емес. Бұдан бөлек, тапшылықты жою үшін Энергетика министрлігі сырттан 120 мың тонна жанармай жеткізбекші. Оның 50 мыңы Ресейден, ал қалғаны Беларусьтен алынбақ. Алайда, бұл бірнеше айдан бері ушығып тұрған жағдайды шеше алмайды. Өйткені Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин Алматы қаласында бензин  6 күнге,  ал Алматы облысында ол жарты айға жететін қор қалды деп дүрліктіріп отыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін Үкімет енді бұл аймақтарға Шымкенттен қосымша жанармай жөнелтпек.