Усама бен Ладенді кім өлтірді? - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Усама бен Ладенді кім өлтірді?

Усама бен Ладенді кім өлтірді?

АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің «теңіз мысықтары» деген атаумен белгілі арнайы жасағында қызмет еткен Роб О'Нил Усама бен Ладенді маңдайынан үш рет атып өлтіргенін айтуда.

  • 7 Қараша 2014
  • 431
Фото - Caravan.kz

Әскери әл-Каида жетекшісін қатты жарақаттаған, одан кейін жасақтың өзге екі қызметкері оның кеудесіне оқ жаудырған. Сондай-ақ әскеридің әкесі ұлының бұл мәлімдемесінен кейін де лаңкестердің нысанасына айналудан қорықпайтындарын айтуда.

«Ислам мемлекеті кек алады деп қорықпайсыздар ма? деп сұрайтын адамдарға есігіме үлкен нысана салып қойып, «Бізге шабуыл жасап көріңдер» деген уәж айтамын», — дейді Том О'Нил.

Роб О'Нил бұл туралы мерзімнен бұрын отставкаға кетуіне байланысты зейнетақының бір бөлігінен қағылған соң қоғамға жария етуге бел байлаған.

Daily Mail бұл қызметкердің есімін американдық FOX News телекомпаниясынан бұрын мәлім етті. Айта кетейік, аталмыш телекомпания «Усама бен Ладенді өлтірген адам»  атты деректі бағдарламасының әзір болғаны туралы жариялаған еді. Бұл бағдарламаның екі сериясы келесі аптада эфирге шықпақ, деп хабарлайды Эхо Москвы.