17 жастағы Марсель Фрике селфиге түсе алмағандығы үшін оң қолына ота жасатты. Енді жас жігіттің оң жақ қолы 104 см-ны құрайды. Ол бұрынғыға қарағанда 38 см-ге ұзарған.
Қазір жас жігіт Франкфурттағы Қасиетті Кристофер ауруханасында жатыр. Марсель ауруханадан аман-есен шыққан соң міндетті түрде отбасыммен, ауруханадағы дәрігерлермен бірге селфи жасаймын дейді.