Гитлердің картинасы Германияда бәссаудаға шығарылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гитлердің картинасы Германияда бәссаудаға шығарылмақ

Гитлердің картинасы Германияда бәссаудаға шығарылмақ

Немістердің Weidler аукцион үйі Адольф Гитлер салған «Старая ратуша» картинасын сатылымға шығарды, деп жазады РБК.

  • 7 Қараша 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz


22 қарашада өтетін бәссаудаға қойылатын картинаның бастапқы бағасы 3,1 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Картина 1914-1915 жылдары акварельмен салынған. Сонымен бірге жиынтықта оның түпнұсқа екендігін дәлеледейтін арнайы сертификат бар. Картинадан түскен қаражаттың 10 пайызы қайырымдылыққа жұмсалмақ. Айта кетейік, бұған дейін Weidler Гитлердің 5 картинасын сатқан болатын. Олардың ішіндегі ең қымбаты 2012 жылы 40 мың долларға сатылған.