Англияның «Табиғат мәдениетін зерттеу» журналы жариялаған зерттеуде далада көп ойнау балалардың мақсат сезімі мен жасампаздық сенімін арттыратыны жазылған.
АҚШ-тың Мичиган штаты университетінің профессоры Грейтел Виллан мен әріптестері тікелей тәжірибе арқылы балалардың табиғатпен арақатынасын зерттеген. Зерттеу нәтижесі бойынша даладағы қимылы көп болған баланың табиғатты сезіну қабілеті дамып, айналадағы өмірге сенімі күшейген. Виллан профессор далада асыр салып ойнайтын балалардың эстетикалық қабілеті де жоғары болатынын байқаған. Апта сайын 5-10 сағат далада ойнаған баланың табиғатты тануы мен сезінуі, қиялдап ойлау қабілеті мен шабыты күштірек дамиды екен, деп жазады massaget.kz.