Түрмеге бөлке нанның ішіне ұялы телефон салып өткізбек болған - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеге бөлке нанның ішіне ұялы телефон салып өткізбек болған - Алматы

Түрмеге бөлке нанның ішіне ұялы телефон салып өткізбек болған - Алматы

Алматы тұрғыны тұтқындалған тергелушіге айлалы тәсілмен екі телефон жеткізуге тырысқан.

  • 7 Қараша 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қаласы және Алматы облысы ҚАЖ департаментінің кезекшісі Мұхтар Жұмағұлов хабарлады.

«Бейсенбіде жазасын өтеушіге азық-түлік әкелген әйелдің заттарын тексеруден өткізу барысында екі бөлке нанның ішінен сим-карталарымен қоса  «Нокия» және «Самсунг» маркалы телефондар  тәркіленді. Бұдан өзге «Тассай» минералдық суының (0,5 л.) пластикалық бөтелкесіне спирт құйып алып келген», — деді М. Жұмағұлов.

«Жиналған материалдар бүгін сотқа жіберіледі», — деді ҚАЖ департаментінің кезекшісі.