деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жұмада таралған ақпаратқа қарағанда, жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзғандығы үшін жиынтықты түрде алғандағы айыппұлы 2,5 млн теңге болған.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмірсіз жүрген 11 көлік анықталды, 14 көліктің нөмірлері оқылмайтын болған.
Полициядан атап өткендей, практика көрсетіп отырғандай, әдетте мұндай құқық бұзушылықтарға Қырғызстанда ресми тіркелген көліктердің иелері барады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан заңына орай жалған нөмірді пайдалану үшін 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ал нөмірдің жоқтығы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіштің көлемі 1852 теңге.