ЭКСПО аясында Қазақстан қазылар алқасына Нобельдік лауреаттарды қатыстыра отырып, халықаралық іріктеу комиссиясын құрмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО аясында Қазақстан қазылар алқасына Нобельдік лауреаттарды қатыстыра отырып, халықаралық іріктеу комиссиясын құрмақ

ЭКСПО аясында Қазақстан қазылар алқасына Нобельдік лауреаттарды қатыстыра отырып, халықаралық іріктеу комиссиясын құрмақ

 ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақстан халықаралық іріктеу комиссиясын құруға бастама жасайды.

  • 7 Қараша 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Қарағанды қаласындағы көшпелі брифингі барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарушы директоры Салтанат Рақымбекова мәлім етті.

Сөз арасында басқарушы директор ЭКСПО-2017 тақырыбына тоқтала келе, конкурстар арқылы әлемнің озық инноваторлары, өнертапқыштары өздерінің зерттеулерін жариялауға мүмкіндік алатынын жеткізді. Осыған орай ЭКСПО қалашығында әлем елдерінің тақырыптық павильондарынан бөлек, бірегей «озық тәжірибелер алаңы» құрылатын болады. Онда «Болашақ энергетикасы» тақырыбындағы аймақта адамзаттың қол жеткізген жетістіктері паш етіледі.

«Осыған орай, біз сапалы, тиімді әрі сауатты іріктеу жасау үшін Қазақстан халықаралық іріктеу комиссиясын құруға бастама жасайтын болады. Бүгінгі күні жетекші халықаралық ұйымдармен, институттармен бірге нобельдік лауреаттардың, танымал тұлғалардың, ғалымдардың кандидатуралары бойынша әңгіме өрбітіп келеміз. Бұл өз кезегінде әлемнің түкпір-түкпірінен көрмеге ұсынылатын жобаларды қолдау үшін қажет», — деді Салтанат Рақымбекова.