Бішкекте Абайға, ал Астанада Манасқа арналған ескерткішті орнату жұмыстары аяқталуға жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Абайға, ал Астанада Манасқа арналған ескерткішті орнату жұмыстары аяқталуға жақын

Бішкекте Абайға, ал Астанада Манасқа арналған ескерткішті орнату жұмыстары аяқталуға жақын

Бішкекте Абайға, ал Астанада Манасқа арналған ескерткішті орнату жұмыстары аяқталуға жақындады.

  • 7 Қараша 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан мен Қырғызстан жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің төртінші отырысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Бішкекте Абай ескерткішін және біздің елордамызда Манасқа арналған ескерткішті орнатудың ұйымдастырушылық мәселелері аяқталу кезеңінде тұр. Сонымен қатар Шоқан Уәлиханов пен Шыңғыс Айтматовтың есімдерін тарихта мәңгі сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде», — деді Елбасы.

Қазақстан Президенті соңғы жылдары Қырғызстандағы жағдай тұрақталып келе жатқандығын және мемлекет даму жолына түскендігін атап өтті.


Мұнымен қоса Н.Назарбаев Қазақстан мемлекеті Қырғызстанның Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуына дайындыққа жан-жақты көмек көрсететіндігін жеткізді.